Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Yкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды iске асыру туралы

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi және Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасы бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі экономикалық даму жөнiндегi Қазақстан - Американ бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу мен орындауды қадағалау, тиiмдiлiк индикаторларын және күтiлетiн нәтижелерiн әзiрлеу және кезеңдiк шолу процестерiне басшылық жасау, жыл сайынғы Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Бағдарламаны орындау жөнiндегi жоспар) дайындау, сондай-ақ Бағдарламаны орындау жөнiндегi есептi дайындауды бақылауды қамтамасыз ету үшiн Бағдарламаның үйлестiрушiсi болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.31 № 851 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайыновқа Бағдарламаны орындау жөніндегі жоспарды келісуге өкілеттік берілсін.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.13. N 1516 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.