Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны оның құрамынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Кардиохирургиялық клиника" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - кәсiпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
      2) әдiлет органдарында кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген бөлу теңгерiмiне сәйкес кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-75-жолмен толықтырылсын:
      "9-75. "Кардиохирургиялық клиника" республикалық
             мемлекеттiк кәсiпорны
             (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)       Астана қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 39-2-жолмен толықтырылсын:
      "39-2. Кардиохирургиялық клиника".

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.