Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Түркiмен құландарын жерсiндiру туралы

      "Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерi мен киiктердi сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 25 наурыздағы N 267  қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттiк табиғи қаумалының аумағына 30 (отыз) бас түркiмен құланын жерсiндiруге рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi:
      1) "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiнiң аумағынан 30 (отыз) бас түркiмен құланын жерсiндiру мақсатында тiрiдей аулауға белгiленген тәртiппен рұқсат берсiн;
      2) түркiмен кұландарын жерсiндiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.