Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 66 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 584-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктің" деген сөздер "материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесiнде:
      тақырыбындағы "қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң" деген сөздер "материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы "валюталармен" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) ақша нарығы қорларымен".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.