"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экономиканың мемлекеттiк секторын басқаруды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 12 қазандағы
N 982 қаулысымен
бекiтiлген
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 21-27-жол алынып тасталсын;
"Алматы қаласы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 86, 100, 104 және 123-23-жолдар алынып тасталсын.
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 3 және 4-жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 160-12-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 271 және 272-жолдар алынып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.26 N 633 Қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.03.18 № 218 Қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.