Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына  және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданының Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне бөлу үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жалпы сомасы 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" iшкi функциясында 202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша шығындар өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданы Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына ұлғайтылсын;
      13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" iшкi функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына азайтылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.