Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Павлодар облысының Екiбастұз қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігiнiң "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынуды;

      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;

      3) Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталығын салуды;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі