Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 962 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 472-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiнде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі