Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  378-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.";
      реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. КZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:
      1) техникалық құралдарды сатып алу.";
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақта:
      Тікелей нәтижеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      4) ЭҚАБЖ пайдаланушыларды оқыту.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) КZ доменін басқару орталығын технологиялық жарақтандыру:
      техникалық құралдарды сатып алу.";
      Соңғы нәтижеде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "1280 ЭҚАБЖ пайдаланушыларды (мемлекеттік қызметшілерді) оқыту.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) толыққанды КZ доменін басқару орталығын құру.";
      Сапада:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мемлекеттік қызметшілер жұмысының жеделдігін арттыру.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) КZ доменін басқару орталығының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.