Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі)  250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 201-1, 201-2, 201-3, 201-4, 201-5, 201-6, 201-7, 201-8, 201-9, 201-10-жолдармен толықтырылсын:
 
  "201-1  Жолаушы кемелері                   8901101000-ден
201-2   Мұнай құю танкерлері               8901201000-ден
201-3   Танкерлік баржалар                 8901209000-ден
201-4   Құрғақ жүк таситын кемелер,
        жабдықтаушы кемелер                8901901000-ден
201-5   Көлік баржалары                    8901909100-ден
201-6   Магистральдық сүйреткіштер, мұз    8904001000-ден
        жарғыш сүйреткіштер
201-7   Басқа да итергіш кемелер           8904009900
201-8   Басқа да жер снарядтары            8905109000
201-9   Кеме қатынасының сапасы олардың    8905901000
        негізгі функцияларымен салыстыр-
        ғанда екінші дәрежелі болып
        табылатын басқа да жүзбелі теңіз
        маяктары, өрт сөндіру кемелері,
        жүзбелі крандар және басқа да
        кемелер; Жүзбелі доктар
201-10  Құтқару кемелері                   8906901000-ден".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.