"Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Жоспар да белгіленген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылына бір рет 10 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
N 316 қаулысымен
бекітілген
Р/с
N
Іс-шара
Аяқталу
нысаны
Орында-
луына
жауаптылар
Орындалу
мерзімі
1
2
3
4
5
Заңнаманы экологияландыру
1.
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы заңнаманы
талдауды, жүйелендіруді
және жетілдіруді жүргізу
және нормативтік
құқықтық актілер әзірлеу
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат
Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау),
басқа
мүдделі
мемлекет-
тік
органдар
Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап
Қоғамды экологияландыру
2.
Ақпараттандырудың түрлі
нысандарын пайдалану
және Қоғамдық бірлестік-
тер мен үкіметтік емес
ұйымдар арқылы жұртшы-
лықтың өткізілетін
табиғат қорғау іс-шара-
ларына қатысуын арттыру
Қоршаған-
ортаминіне
ақпарат
МАМ (жинақ-
тау),
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері
Жыл сайын
20 қаңтар,
2008 жылдан
бастап
3.
Табиғатпен үйлесімдікте
салауатты өмір салтын
енгізу жөнінде шаралар
қабылдау
Қоршаған-
ортаминіне
ақпарат
ТСМ (жинақ-
тау), ДСМ,
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері
Жыл сайын
20 қаңтар,
2008 жылдан
бастап
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
4
Қазақстан Республикасы
қатысушысы болып
табылатын халықаралық
табиғат қорғау шарттары
мен келісімдерінің
(конвенцияларының)
орындалуына талдау
жүргізу және оларды
практикада іске асыруды
қамтамасыз ету
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат
Қоршаған-
ортамині
Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап
5
Қазақстанның қабылдауы
үшін орынды үлкен
қашықтықта ауаны
трансшекаралық ластау
туралы конвенцияға
хаттамалар тізбесін
айқындау
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар
Қоршаған-
ортамині
2008 жылғы
10 ақпан
Жаһандық экологиялық проблемалар
6.
Қызған газдар шығарын-
дыларын қысқарту жөнін-
дегі Қазақстан
Республикасының
әлеуетін бағалау
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
есеп
Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау), ЭМРМ, ИСМ, АШМ,
облыстар-
дың, Астана,
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері
2008 жылғы
10 ақпан
7.
Экологиялық жүйелердің
орнықты жұмыс істеуі
үшін биоәртүрліліктің
жай-күйін бағалауды
жүргізу
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат
АШМ,
(жинақ-
тау),
Қоршаған-
ортамині
Жыл сайын
10 ақпан,
2008 жылдан
бастап
8.
Біріккен Ұлттар
Ұйымының Биоәртүрлілік
жөніндегі конвенциясына
Биоқауіпсіздік жөнін-
дегі Картахена хаттама-
сына Қазақстанның
қатысуы жөнінде
іс-шаралар жүргізу
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
қаулысының
жобасы
АШМ,
(жинақ-
тау),
Қоршаған-
ортамині,
СІМ
2007 жылғы
ІІІ тоқсан
Жергілікті экологиялық проблемалар
9.
Қазақстан Республика-
сының аумағындағы
радиациялық жағдайдың
жай-күйін бағалау және
энергетикалық кешендер-
дің экологиялық қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды әзірлеу
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат
Қоршаған-
ортамині
(жинақ-
тау), ЭМРМ,
БҒМ, ДСМ
2008 жылғы
10 ақпан
10.
Қалдықтарды есепке алу
және басқаруды бақылау
жүйесін және қалдықтар-
ды өңдеу мен қайталама
пайдалану жөніндегі
модельдік бағдарламаны
ұйымдастыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ұсыныстар
Қоршаған-
ортамині
2009 жылғы
IV тоқсан
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»19 сәуірдегі
N 315 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 5, 74-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы N 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 258-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 436 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 18, 177-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы N 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 14-құжат).