Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және»"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі -
"Қазына" ОДҚ" АҚ) оның жарғылық капиталына»"Қазына" ОДҚ" АҚ жүз
пайыз қатысатын "Әлеуметтік-инновациялық технологиялар" акционерлік
қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құруды;
2) "Қазына" ОДҚ" АҚ қоғамның жарғылық капиталын 100000000 (бір
жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
3) қоғам қызметінің мынадай:
әлеуметтік саладағы инновациялық технологияларды енгізуді қоса алғанда, "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын (бұдан әрі - жоба) ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
жобаны іске асыруды бақылауды, инжинирингтік қызметтерді, халықаралық аудитті ұйымдастыру және қаржы қаражатын тарту негізгі бағыттарын айқындауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 44 мектеп салуды жүзеге асыру үшін құрылыс алаңына үлгі жобаларды байланыстыруға 504300000 (бес жүз төрт миллион үш жүз мың) теңге;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес үш мектеп салуды бастауға Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне дамуға берілетін нысаналы трансферттер аудару үшін 1100000000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге бөлінсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1195 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы қаласында 150 төсектік қалалық перинаталдық орталық пен 260 төсектік ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер салуға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 174163147 (бір жүз жетпіс төрт миллион бір жүз алпыс үш мың бір жүз қырық жеті) теңге бөлінсін.
4. Жобаны іске асырудың мынадай схемасы айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау объектілерін салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, Оңтүстік Қазақстан облысының, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мектептер салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, қоғам жобаны операциялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері 2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне жоба бойынша 2007-2012 жылдары іске асыру мерзімімен салуға жоспарланатын білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбелерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1017 Қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1195 Қаулысымен.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы»2 мамырдағы
N 356 қаулысына
1-қосымша
Құрылыс алаңына үлгі жобаларды байланыстыруға арналған
мектептер тізбесі
Р/
с
N
Оңтүстік Қазақстан облысы
26 440
332 300
1
Мақтаарал ауданындағы "Мақта
зауыты" тұрғын үй массивінде мектеп
салу
1200
14 400
2
Мақтаарал ауданының Мырзакент
ауылында Абылай хан атындағы орта
мектеп салу
1200
14 400
3
Арыс қаласында "Стадион" шағын
ауданында орта мектеп салу
900
11 200
4
Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында
орта мектеп салу
1200
14 400
5
Кентау қаласында Бала Бөргем орта
мектебін салу
600
8 000
6
Шымкент қаласының Қазығұрт шағын
ауданында орта мектеп салу
1 200
14 400
7
Шымкент қаласының Сәуле шағын
ауданында орта мектеп салу
1200
14 400
8
Шымкент қаласының Самал-3 шағын
ауданында орта мектеп салу
1200
14 400
9
Шымкент қаласының Қайтпас-2 кентінде
орта мектеп салу
1200
14 400
10
Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында
Фуркат атындағы орта мектеп салу
1 200
14 400
11
Түркістан қаласының Оралмандар
ауылында мектеп салу
600
8 000
12
Түркістан қаласының Яссы ауылында
мектеп салу
600
8 000
13
Қазығұрт ауданының Рабат ауылында
Қызыл дала орта мектебін салу
300
4 300
14
Мақтаарал ауданының Еңбекші ауылында
орта мектеп салу
900
11 200
15
Ордабасы ауданындағы Атамекен
ауылында орта мектеп салу
600
8 000
16
Сайрам ауданының Қайнарбұлақ
ауылында Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектеп салу
300
4 300
17
Сайрам ауданы Тассай ауылдық
округінің Достық ауылында орта
мектеп салу
600
8 000
18
Созақ ауданының Жыныс ауылында орта
мектеп салу
300
4 300
19
Шардара ауданының Жаушықұм ауылында
орта мектеп салу
600
8 000
20
Сарыағаш ауданының Абай ауылында
көп бейінді мектеп салу
600
8 000
21
Төле би ауданының Мәдени ауылында
орта мектеп салу
300
4 300
22
Түлкібас ауданының Түлкібас
ауылында 1 Мамыр көшесінде Б.
Момышұлы атындағы орта мектеп салу
1200
14 400
23
Түлкібас ауданының Алғабас ауылында
орта мектеп салу
600
8 000
24
Төле би ауданының Ленгер қаласында
орта мектеп салу
1 200
14 400
25
Сарыағаш ауданының Сарыағаш
қаласында орта мектеп салу
900
11200
26
Отырар ауданының Отырар ауылында
орта мектеп салу
600
8 000
27
Бәйдібек ауданының Қайнар ауылында
орта мектеп салу
320
4 450
28
Сарыағаш ауданының Бозсу ауылында
Құрманғазы атындағы орта мектеп салу
900
11 200
29
Созақ ауданының Қарағұр ауылында
орта мектеп салу
600
8 000
30
Шымкент қаласында N 24 орта мектеп
салу
1200
14 400
31
Шымкент қаласының Тұрлан кентінде
орта мектеп салу
1200
14 400
32
Бәйдібек ауданының Жұлдыз ауылында
Майбұлақ орта мектебін салу
300
4 300
33
Бәйдібек ауданының Қаратас ауылында
Н. Арапов атындағы орта мектеп салу
300
4 300
34
Түлкібас ауданының Келтемашат
ауылында орта мектеп салу
320
4 450
Астана қаласы
7 200
103 200
35
Ильинка кентінде орта мектеп салу
1 200
17 200
36
Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында
(Махтумкули көшесінің сол жақ жағы)
орта мектеп салу
1 200
17 200
37
"Степной" гараж кооперативінің
ауданында орта мектеп салу
1 200
17 200
38
Тілендиев даңғылының ауданында орта
мектеп салу
1 200
17 200
39
Тілендиев даңғылынан оңтүстікке
қарай ауданында орта мектеп салу
1 200
17 200
40
Әкімшілік қалашық ауданында орта
мектеп салу
1 200
17 200
Алматы қаласы
4 800
68 800
41
"Әйгерім" шағын ауданында орта
мектеп салу
1 200
17 200
42
"Ұлжан" шағын ауданында орта мектеп
салу
1 200
17 200
43
"Қалқаман" шағын ауданында орта
мектеп салу
1 200
17 200
44
Түрксібке бес жыл ауданында орта
мектеп салу
1 200
17 200
БАРЛЫҒЫ:
38 440
504 300
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы»2 мамырдағы
N 356 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1195 Қаулысымен.
Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің тізбесі және
2007 жылы оларды салуды бастауға облыстық бюджетке
нысаналы трансферттер ретінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат көлемі
1
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының "Стадион" шағын ауданында 900 орындық орта мектеп салу
900
456 707
2
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 900 орындық орта мектеп салу
900
449 870
3
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының
Қарағұр ауылында 600
орындық орта мектеп
салу
600
193 423
БАРЛЫҒЫ:
2 400
1 100 000