Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық
ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 5«маусымдағы
N 460 қаулысымен
бекітілген
1.
Тегі
2.
Аты
3.
Әкесінің аты
4.
Тегі мен атының транскрипциясы
5.
Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері
6.
Ұлты
7.
Жынысы
8.
Отбасылық жағдайы
9.
Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні
10.
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
11.
Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)
12.
Қолы
13.
Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні
14.
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган