Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қаңтардағы N 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.29  N 1369  (2008 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы N 884 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы N 28  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.