Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  186-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында:
      "Астана қаласында Есіл өзені арқылы Қабанбай батыр даңғылы мен көпірді қайта жаңарту ("Рамстор" СО ауданы)" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 20 қарашадағы N 2-618/06 қорытындысы)" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Астана қаласында М-3 жаңа көпірін салу (мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N 2-721/04 қорытындысы)" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге тауарды жеткізбеген, жиынтықсыз жеткізген немесе тиісті сапада жеткізбеген жағдайда аванстық төлемақы мөлшеріне тең сомаға сақтандыру полисі немесе Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі тапсырыс берушінің атына берген банктік кепілдік немесе банкте тапсырыс берушінің тиісті шотында орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде аванстың төленген сомасын сөзсіз қайтаруды қамтамасыз ету шартымен материалдар мен жабдыққа тапсырыс беру үшін шарттың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.