Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша ай сайынғы есептің негізінде салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырсын;
1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын;
2) салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің тетігін белгілесін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 375 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 375 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1351 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 375 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, мына формула бойынша есептеледі:
n = 2, 3, ..., 12, ... болған кезде S n = S n-1 *I n + P n
S 1 = P 1 ,
n - есепті ай;
S n - n айындағы инфляция деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;
I n - алдыңғы айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен;
P n - n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының түсімі, теңгемен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1351 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 375 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
Z k =Z k-1 *(1+і k )+D k *(1+і k /2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
Z k - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен;
і k - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі;
D k - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен;
k - болжамды жыл.