"Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар екі апта мерзімде органның, облыстың, Астана және Алматы қалаларының Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарларын (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) және іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
6. Мыналар:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күні Іс-шаралар жоспарының орындалу мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысында өтетін кеңестерде қаралады;
2) Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде жылына екі рет, бірінші және үшінші тоқсандар өткен соң Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұсынысы бойынша қаралады деп белгіленсін.
7. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына Іс-шаралар жоспарының орындалған тармақтарын бақылаудан алу туралы шешім қабылдау құқығы берілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 14 наурыздағы
N 246 қаулысымен
бекітілген
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
ЖҰЖ
тар-
ма-
ғы-
ның N
Іс-шараның атауы
Іске асыру шаралары мен
кезеңдері, жауапты
орындаушы, мерзімдері
1
2
3
1. Дәйекті жаңғырту және экономикалық өсудің орнықтыӨндіруші секторды дамыту
1
Халықаралық мұнай және
энергетика нарықтарына
ықпалды және жауапты қатысушы
ретіндегі мемлекеттің
ұстанымын күшейту
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - жыл сайын, 20 қаңтарға дейін
2
Тау-кен металлургия саласын
тиімді дамыту мен оның
бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жөнінде нақты шаралар
қабылдау (жұмыс істеп тұрған
тау-кен металлургия
компаниялары акцияларының
мемлекеттік пакетін, сирек
кездесетін металдарды қоса
алғанда, қара және түсті
металдардың барланған кен
орындарының жер қойнауын
пайдалану құқықтарын басқару)
Жауапты орындаушы - Үкімет,
"Самұрық" АҚ, ӘКК
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - жыл сайын, 2008-2010 жж. желтоқсан
3.
Жаңа кен орындарын барлау
жөнінде жұмыстар жүргізу
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ, ӘКК
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
20 шілде, 2009 жылғы 20 қаңтар
4.
Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз
ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын,
Мойнақ ГЭС салу жөнінде
шаралар қабылдау
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ, Павлодар,
Алматы облыстарының әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - жыл сайын, есепті жылдан кейінгі
жылғы 2009-2013 жж. 20 қаңтар
5.
"Қазақстанның Солтүстігі -
Оңтүстігі" электр берудің
екінші желісін және "Солтүстік Қазақстан -
Ақтөбе облысы" электр беру
желісін салуды аяқтау
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
"Самұрық" АҚ
Аяқтау нысаны - пайдалануға
беру актілері
Орындау мерзімі - 2009 жылғы желтоқсан
6.
"Бейнеу-Шымкент" магистральды
газ құбырын салу мәселесін
пысықтау және салуды бастау
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
ЭБЖМ, ТМРА, ЖРА, "Самұрық" АҚ, Оңтүстік Қазақстан,
Маңғыстау және Қызылорда
облыстарының әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі -
2008-2009 жж. қараша
7.
Ақтау қаласында атом электр
станциясын салу жөнінде
нақты ұсыныстар енгізу
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
Қоршағанортамині, Әділетмині,
СІМ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"
АҚ, Маңғыстау облысының әкімі
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ұсыныстар
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қазан
8.
Энергияны үнемдейтін
технологиялар енгізу жөнінде
шаралар кешенін қабылдау
Жауапты орындаушы - ЭМРМ,
Қоршағанортамині, ТМРА, ИСМ,
АШМ, ККМ, "Самұрық" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ, Астана және
Алматы қалаларының, облыстар-
дың әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2013
жж. желтоқсан
9.
Экологиялық таза
технологиялар (қайта
жаңартылатын энергия
көздерін) енгізу жөнінде
шаралар қабылдау
Жауапты орындаушы -
Қоршағанортамині, ЭМРМ, ИСМ,
Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2013
жж. желтоқсан
10.
"Батыс Еуропа - Батыс Қытай"
автокөлік дәлізін іс жүзіне
асыру
Жауапты орындаушы - ККМ,
Қаржымині, ЭБЖМ, Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда, Ақтөбе
облыстарының әкімдері
Орындау мерзімі - 2008-2012
жж. желтоқсан
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
11.
"Шар - Өскемен" темір жолын
салуды аяқтау
Жауапты орындаушы - ККМ
Орындау мерзімі - 2008 жылғы желтоқсан
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
12.
"Маңғышлақ - Баутино",
"Ералиев - Құрық" темір жол
желілері мен "Қорғас -
Жетіген" учаскесін салу
Жауапты орындаушы - ККМ,
ЭБЖМ, Қаржымині
Орындау мерзімі - 2008-2011 жж. Қараша
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
13.
"Мақат - Қандыағаш" темір жол
учаскесін электрлендіру
Жауапты орындаушы - ККМ,
ЭБЖМ, Каржымині
Орындау мерзімі - 2008-2011
жж. Қараша
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
14.
Астана - Бурабай, Астана -
Қарағанды, Алматы - Қапшағай,
Алматы - Қорғас автомобиль
жолдарын, сондай-ақ Үлкен
Алматы айналма жолын салу және қайта жаңарту
Жауапты орындаушы - ККМ,
ЭБЖМ, Қаржымині, Алматы
қаласының, Алматы, Ақмола,
Қарағанды облыстарының
әкімдері
Орындау мерзімі - 2009-2012
жж. Қараша
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
15.
Концессиялық жобаларды
тартымды ету мен жандандыру
үшін заңнамалық базаны
жетілдіру
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Қаржымині, ККМ, мүдделі
мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қыркүйек
16.
Өңірлерді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын
іске асыру шеңберінде
жергілікті атқарушы
органдардың инфрақұрылымды,
әсіресе жергілікті маңызы
бар жолдарды белсенді
дамытуды қамтамасыз етуі
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
ККМ, ИСМ, АШМ, ЭМРМ, Астана
және Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері, ӘКК
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2009-2011
жж. ақпан
17.
ЖЭО-3 салуды қоса алғанда,
мемлекеттік-жеке меншік
әріптестік негізінде Астана
қаласының энергетикалық
кешенін дамыту бағдарламасын
іске асыру
Жауапты орындаушы - Астана
қаласының әкімі, ЭМРМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - жыл
сайын, есепті жылдан кейінгі
жылғы 20 қаңтар
18.
"Қазақстанның 30
корпоративтік көшбасшы"
бағдарламасы шеңберінде
"серпінді" жобаларды іске
асыруды қамтамасыз ету
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ
(жинақтау), ИСМ, ЭМРМ, ККМ,
АШМ, "Қазына" АҚ, "Самұрық" АҚ, "ҚазАгро" АҚ, облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі -
1. ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ,
Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері, жыл сайын
2009-2010 жж.
20 қаңтарға дейін.
2. "Самұрық" АҚ, "Қазына" АҚ,
"ҚазАгро" АҚ, ай сайын
15-күнге
19.
Отандық машина жасауды дамыту
жөнінде шаралар кешенін
дайындау және іске асыруды
қамтамасыз ету
Жауапты орындаушы - ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, "Самұрық" АҚ,
"Қазына" АҚ, "ҚазАгро" АҚ
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қараша
20.
Қазақстан Республикасының
заңнамасына азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бөлігінде агроөнеркәсіптік
кешенді дамытуды мемлекеттік
реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер енгізу туралы Заң
жобасын әзірлеу
Жауапты орындаушы - АШМ,
Әділетмині, ЭБЖМ, ТЖМ,
Еңбекмині, ИСМ
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы желтоқсан
21.
Ауыл шаруашылығына және тамақ
өнеркәсібіне инвестицияларды
ұлғайту жөніндегі шаралар
кешенін қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ,
ИСМ, ЭБЖМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі -
2008-2011 жж. қазан
22.
Елдің ішкі қажеттілігі
қанағаттандырылмай отырған
маңызды тамақ өнімдері
өндірісін ынталандыру жөнінде
шаралар кешенін әзірлеу және
қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ, ИСМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2011
жж. қазан
23.
Ауыл шаруашылығында экспортқа
бағдарланған өндірістерді
дамыту және қолдау жөнінде
шаралар кешенін әзірлеу
және іске асыру
Жауапты орындаушы - АШМ,
ИСМ, ЭБЖМ, "ҚазАгро" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2011 жж. қазан
24.
Каспий және Қара теңіз
порттары арқылы және Қытай
бағытындағы астықтың
экспорттық жеткізілімін
кеңейту жөнінде шаралар қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ,
ККМ, СІМ, "ҚазАгро" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2011
жж. шілде
25.
Ветеринарияны халықаралық
стандарттарға көшіру жөнінде
шаралар қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ, ИСМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі -
2009-2012 жж. қаңтар
26.
Ауыл шаруашылығын барлық
деңгейлерде жүйелі қолдау
үшін бұдан әрі шараларды
қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ,
ЭБЖМ, Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі -
2009-2012 жж. қаңтар
27.
Ауыл шаруашылық өңдеуші
өндірістерді дамыту және
қолдау жөнінде шаралар қабылдау
Жауапты орындаушы - АШМ, Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері, "ҚазАгро" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2011
жж. шілде
28.
Астана қаласының азық-түлік
белдеуін жасау жөніндегі
жұмысты жандандыру
Жауапты орындаушы - АШМ,
"Қазагро" АҚ, Астана
қаласының, Ақмола облысының
әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2009-2012
жж. қаңтар
29.
Ықтимал кері үрдістерді
анықтау және тәуекелдерді
басқару мақсатында елде және
әлемде болып жатқан
экономикалық процестерге
жедел мониторинг жүйесін
енгізуді қамтамасыз ету
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Қаржымині, СІМ, АҚОҚРА, ҚНРА,
ҰБ, "Үкімет пен Ұлттық Банк
жанындағы Ұлттық талдау
орталығы" АҚ, "Экономикалық
зерттеулер институты" АҚ
Аяқтау нысаны - нормативтік
құқықтық акт
Орындау мерзімі - 2008
жылғы мамыр
30.
Қаржылық тұрақсыздық
қауіп-қатерлеріне және ықтимал болжанбаған
жағдайларға мемлекеттің
жедел ден қоюы шараларының
жүйесін әзірлеу
Жауапты орындаушы - ҚНРА,
ҰБ, ЭБЖМ, Қаржымині, АҚОҚРА,
"Үкімет пен Ұлттық Банк
жанындағы Ұлттық талдау
орталығы" АҚ, "Экономикалық
зерттеулер институты" АҚ
Аяқтау нысаны - нормативтік
құқықтық акт
Орындау мерзімі - 2008 жылғы мамыр
31.
"Бәсеке туралы" жаңа Заң әзірлеу
Жауапты орындаушы - БҚА,
ТМРА, ҚНРА, АБА
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
қараша
32.
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің
жұмысын жүйелі түрде нығайту
Жауапты орындаушы - ҚНРА
Аяқтау нысаны - Президент
Жарлығының жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
наурыз
33.
Жаңа Салық кодексінің жобасын
әзірлеу
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Қаржымині, Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Кодекс жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
1 қыркүйекке дейін
34.
Әлеуметтік шығыстарды
қоспағанда, республикалық
және жергілікті бюджеттердің
шығыстарын оңтайландыру
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
орталық және жергілікті
атқарушы органдар
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2009 жылғы
қаңтар
35.
Инфляцияның болжанып отырған
деңгейін ұстап тұруға
бағытталған инфляциялық
процестерді тежеу жөнінде
шаралар кешенін әзірлеу
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ, ҰБ, Қаржымині, ИСМ, ТМРА,
БҚА, Астана және Алматы
қалаларының әкімдері
Аяқтау нысаны -
Премьер-Министрдің өкімі
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
наурыз
36.
Әлемдік экономика бәсеңдеуі
мен бірқатар экспорттық
тауарларға бағаның төмендеуі
ықтимал жағдайында тұрақтан-
дыру іс-қимылдарының жедел
жоспарын әзірлеу
Жауапты орындаушы - Үкімет,
ҰБ, ҚНРА
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
шілде
37.
"Қазақстан халқы Ассамблеясы
туралы" заң жобасын
Парламентке енгізу
Жауапты орындаушы - Президент Әкімшілігі,
Әділетмині, МАМ
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қыркүйек
38.
Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғамды дамытудың
2006-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу
Жауапты орындаушы - МАМ
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қазан
39.
Партиялық-саяси жүйені одан
әрі дамыту жөніндегі
шараларды іске асыру, "Саяси
партиялар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Заң жобасын
Парламентке енгізу
Жауапты орындаушы - МАМ,
Әділетмині
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
қазан
40.
Заңдылықты нығайту және
азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын әділ және тиімді
қорғауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ қорғау және арнайы
органдардың қылмыс пен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес саласындағы өзара
іс-қимыл жасау деңгейін
арттыру жөніндегі жұмыстың
жаңа нысандары мен әдістерін
әзірлеу және енгізу
Жауапты орындаушы - БП, ЖС,
ҰҚК, ЭСЖҚА, ІІМ, Әділетмині,
Қаржымині, ЕК
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын,
20 шілде, 20 қаңтар
41.
Сот жүйесін одан әрі
оңтайландыру, ашықтығын
қамтамасыз ету және сот ісін
жүргізуді оңайлату, сот
әділдігінің қол жетімділігін
кеңейту мақсатында оның
терең реформасы жөнінде
ұсыныстар әзірлеу
Жауапты орындаушы - ЖС, БП,
Әділетмині
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі -
2008 жылғы II тоқсан
42.
"Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заң жобасын
әзірлеу және Парламентке
енгізу
Жауапты орындаушы - ІІМ,
БП, ЖС, БҒМ, Әділетмині,
Қаржымині, ҰҚК
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы қараша
43.
Құқық қорғау органдары мен
Қазақстан Республикасының
Президентке есеп беретін
органдарда әкімшілік реформа
жүргізу
Жауапты орындаушы - Президент Әкімшілігі, ЖС, БП,
ҰҚК, ІІМ, ЭСЖҚА, Әділетмині,
Қаржымині
Аяқтау нысаны - Қауіпсіздік
Кеңесі отырысының хаттамасы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы I тоқсан
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - жыл
сайын, 2009-2010 жж. қаңтар
44.
Нәтижелерге бағдарланған
мемлекеттік жоспарлау
жүйесін, оның ішінде пилоттық
мемлекеттік органдарда енгізу
жөніндегі тұжырымдаманың
іске асырылуын қамтамасыз ету
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Әділетмині, Қаржымині,
Оңтүстік Қазақстан облысының
әкімі, мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - жыл сайын,
ақпан
45.
Дамудың қазіргі заманғы
кезеңінде адам факторын
күшейтуді есепке ала отырып,
жаңа кадр саясатын
қалыптастыру.
Мемлекеттік басқару жүйесінде
жаңа формациядағы басқарушы-
лардың кәсіби жетекші тобын
қалыптастыруға бағытталған
қазіргі заманғы қағидаттар
әзірлеу
Жауапты орындаушы - Президент Әкімшілігі, МҚА,
ЭБЖМ, Әділетмині
Аяқтау нысаны - нормативтік
құқықтық акт
Орындау мерзімі -
2008 жылғы қыркүйек
46.
Мемлекеттік қызметтің кадр
резерві жүйесі жұмыс
істеуінің жаңа моделін енгізу
Жауапты орындаушы - Президент Әкімшілігі, МҚА, БҒМ
Аяқтау нысаны - Мемлекет
Басшысының атына ақпарат
Орындау мерзімі - 2008 жылғы
мамыр
47.
Экономиканың және әлеуметтік
ортаның басымды салаларына
"Болашақ" бағдарламасының
түлектерін тарту тетіктерін
жасау, "Болашақ" стипендиат-
тардың мемлекеттік органдарда, ұлттық
компанияларда, ғылыми-зерттеу
институттарында тағылымдама-
дан өтулерін ұйымдастыру
Жауапты орындаушы - БҒМ,
мүдделі орталық және
жергілікті мемлекеттік
органдар, мемлекеттік
холдингтер, ӘКК, "Халықаралық
бағдарламалар орталығы" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2009 жылғы 25 қаңтар
48.
Халыққа көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен
нәтижелілігін арттыру жөнінде
шаралар кешенін әзірлеу және
жаңа әлеуметтік объектілердің
(медициналық ұйымдардың,
мектептердің, мектепке
дейінгі ұйымдардың, спорттық
ғимараттардың) халыққа
сапалы, қазіргі заманғы және
бұқаралық қызмет көрсету
орталықтарына айналуы
Жауапты орындаушы - Астана
және Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері, БҒМ,
ДСМ, ТСМ, Әділетмині, МҚА
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - қаңтар,
жыл сайын
49.
Жаңа Бюджет кодексінің
жобасын әзірлеу
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
орталық және жергілікті
орындау органдары
Аяқтау нысаны - Кодекс жобасы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы 1 қыркүйекке дейін
50.
Негізгі мемлекеттік
әлеуметтік-экономикалық
бағдарламалардың тиімділігіне
бағалауды жүргізу
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Қаржымині, тиісті мемлекеттік
органдар
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2009 жылғы ақпан
51.
Шағын несиелендірудің қол
жетімділігін арттыру және
жаңа жұмыс орындарын жасау
жөнінде шаралар әзірлеу
Жауапты орындаушы - ИСМ,
ЭБЖМ, АШМ, Еңбекмині,
"Қазына" АҚ, "ҚазАгро" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қазан
52.
Бизнеске әкімшілік
ауыртпалықты төмендетуді
көздейтін рұқсат беру жүйесін
жетілдіру тұжырымдамасын
әзірлеу және бәрінен бұрын
лицензиялау, сертификаттау,
аккредиттеу сияқты рұқсат
беру жүйесін оңайлату
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
ИСМ, мүдделі мемлекеттік
органдар, Астана және Алматы
қалаларының, облыстар әкімдері
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қараша
53.
Тексерістерді қысқарту мен
реттеу мақсатында бақылаушы
органдардың қызметін
оңтайландыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу
Жауапты орындаушы - Үкімет,
БП, ЭСЖҚА, ЕК, Астана және
Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - 2008
жылғы қыркүйек
54.
Зейнетақылардың орташа
мөлшерін 2007 жылмен
салыстырғанда 2012 жылға 2,5 есе өсіру, оның ішінде:
2009 жылы - 25%-ке, 2010
жылы - 25%-ке, 2011 жылы
- 30%-ке.
Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін 2011 жылға ең төменгі
күнкөріс деңгейі мөлшерінен
50%-ке жоғарылату. 2009
жылдан бастап мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар және
арнайы мемлекеттік
жәрдемақылар мөлшерін - орта
шамамен жыл сайын 9%-ке
жоғарылату
Жауапты орындаушы - ЭБЖМ,
Еңбекмині, Әділетмині
Аяқтау нысаны - Заң, Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008-2010 жж. желтоқсан
55.
Бір жасқа толғанға дейінгі
бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2011
жылы 2007 жылғы жәрдемақылар
мөлшерінен асып түсетін
деңгейге дейін орташа 2,5
есе ұлғайту, 2010 жылдан
бастап 4-ші және одан да көп
баланың туылуына арналған
бір реттік жәрдемақының
мөлшерін 2007 жылмен
салыстырғанда 4 еседен
аса жоғарылату
Жауапты орындаушы -
Еңбекмині, ЭБЖМ, Әділетмині
Аяқтау нысаны - Заң
Орындау мерзімі - 2009 жылғы тамыз
56.
Бюджет саласының қызметкер-
леріне еңбек ақысын 2012
жылға 2 еселік деңгейге
кезең-кезеңімен жақындатып
жоғарылату, оның ішінде 2009
жылы - 25 %-ке, 2010 жылы
- 25% -ке және 2011 жылы -
30%-ке
Жауапты орындаушы -
Еңбекмині, ЭБЖМ, Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008-2010
жж. желтоқсан
57.
2009 жылдан бастап
оралмандардың қоныс аударуына
арналған жыл сайынғы
квотасын жылына 20 мың
отбасына дейін жоғарылату
Жауапты орындаушы - Еңбекмині
Аяқтау нысаны - Президент
Жарлығы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы желтоқсан
58.
Балабақшалар мен мектептер-
дегі орындардың тапшылығын
жою мақсатында мектепке
дейінгі және орта білім беру
объектілерін салу
Жауапты орындаушы - Астана
және Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері, БҒМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2010
жж. тамыз
59.
"Білім туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына және
"Қазақстан Республикасындағы
білімді дамытудың 2005 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына,
оның ішінде 12-жылдық орта
білімді енгізу мерзімдерін
ауыстыру бөлігінде өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
Жауапты орындаушы - БҒМ
Аяқтау нысаны - Заң жобасы, Президент Жарлығының жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы маусым
60.
Балалардың шығармашылық және
зияткерлік қабілетін дамыту
үшін мектепке дейінгі білім
беруді тиімді бағдарламалар-
мен, оқулықтармен және оқу
құралдарымен қамтамасыз ету
Жауапты орындаушы - БҒМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын, 25 маусым, 25 желтоқсан
61.
Ел экономикасы аса мүдделілік
білдіретін білім салаларына
шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тартуды және
бизнес-қауымдастықтардың
белсенді қатысуын көздейтін
Кәсіптік-техникалық білімді
дамытудың 2008-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік
бағдарламасын қабылдау
Жауапты орындаушылар - БҒМ,
ЭБЖМ, мемлекеттік холдингтер,
Астана және Алматы
қалаларының, облыстар әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Жарлығы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы маусым
62.
Тілдерді дамыту мен
қолданудың мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру
жөніндегі 2009-2010 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын
"Тілдердің үш тұғырлығы"
мәдени жобасын іске асыруды
ескере отырып әзірлеу
Жауапты орындаушылар - МАМ,
БҒМ, ЭБЖМ, Әділетмині
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы IV тоқсан
63.
Денсаулық сақтау жүйесінде
қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен
медициналық қызметтердің
нақты құнына бағалау жүргізу
Жауапты орындаушылар - ДСМ,
ЭБЖМ, Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2009-2010 жж. ақпан
64.
Үздіксіз кәсіптік дамудың
халықаралық стандарттарына
негізделген медициналық
кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау
бағдарламаларын әзірлеу мен
енгізу, халықаралық тәжірибе
негізінде үздіксіз
медициналық білім беру мен
сертификаттау тетіктерін
енгізу
Жауапты орындаушылар - ДСМ,
БҒМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын, 2008-2010 жж. желтоқсан
65.
Медициналық жоғары оқу
орындарына мемлекеттік
тапсырыс бойынша медицина
және фармацевтика мамандық-
тары бойынша қабылдауды кезең-кезеңмен ұлғайту
Жауапты орындаушылар - БҒМ,
ДСМ
Аяқтау нысаны - Үкімет қаулысы
Орындау мерзімі - жыл сайын, II тоқсан, 2008-2010 жж.
66.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
етудің жаңа моделін және
фармацияға мемлекеттік
стандарттарды енгізу
Жауапты орындаушылар - ДСМ,
ИСМ, Астана, Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын, 2009-2010 жж. қаңтар
67.
2008-2016 жылдарға арналған
"Салауатты өмір салты"
бағдарламасы аясында
салауатты қазақстандық ұлтты
қалыптастыру үшін салауатты
өмір салтының танымалдығы
жөнінде, оның ішінде өңірлік
деңгейде шаралар кешенін
іске асыру
Жауапты орындаушылар - ДСМ,
Астана және Алматы
қалаларының, облыстардың
әкімдері, БҒМ, МАМ, ТСМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - жыл сайын, есепті жылдан кейінгі
жылғы 20 қаңтар, 2009-2010 жж.
68.
Қазақстандық фармацевтикалық
фабрикаларды құруға инвести-
циялар тарту жөнінде шаралар
қабылдау
Жауапты орындаушылар - ИСМ,
ДСМ, "Қазына" АҚ, мүдделі
мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне есеп
Орындау мерзімі - 2008-2010 жж. қараша
69.
Тұрғын үй құрылысының
2008-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу
Жауапты орындаушылар - ИСМ,
мүдделі мемлекеттік органдар
Аяқтау нысаны - Президент
Жарлығының жобасы
Орындау мерзімі - 2008
жылғы наурыз
70.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік
қатысу туралы" Заңға тұрғын
үйдің құрылысына үлестік
қатысушылардың құқығын күшейту бөлігінде өзгерістер
мен толықтырулар енгізу
Жауапты орындаушылар - ИСМ,
ЭБЖМ, Қаржымині, Астана және
Алматы қалаларының,
облыстардың әкімдері
Аяқтау нысаны - Заң жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы қараша
71.
Астананың және облыс
орталықтарының маңында
жерлерді сатып алу заңдылығын
тексеру, заңсыз сатып алынған
жерлерді мемлекетке қайтару
жөнінде шаралар қабылдау
Жауапты орындаушылар - БП,
ЭСЖҚА, Әділетмині, ЖРА, Астана қаласының,
облыстардың әкімдері
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - 2008 жылғы шілде
72.
Жеке тұрғын үй құрылысын
ынталандыру мақсатында жер
учаскелерін беру және
ресімдеу ережелерін оңайлату
жөнінде шаралар қабылдау
Жауапты орындаушылар - ЖРА, ИСМ
Аяқтау нысаны - Үкімет
қаулысы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы шілде
73.
АӨСШК, ШЫО, ҰҚШҰ - өңірлік
қауіпсіздіктің тиімді жүйесін
құрудың негізін қалайтын
халықаралық бірлестіктерде
Қазақстанның бастамаларын
одан әрі жылжыту және оған
тікелей қатысуы
Жауапты орындаушылар - СІМ,
ҰҚК, ІІМ, Қорғанысмині, ИСМ,
ЭМРМ, АШМ, ТЖМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі -
желтоқсан, жыл сайын
74.
Қазақстанның Ресеймен,
Қытаймен және Орталық Азия
мемлекеттерімен экономикалық
және саяси салалардағы
ынтымақтастығын нығайту
Жауапты орындаушылар - СІМ,
ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, БҒМ, МАМ, Қоршағанортамині,
Еңбекмині, ТЖМ, ІІМ, ҚК,
"Қазына" АҚ, "Самұрық" АҚ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі -
желтоқсан, жыл сайын
75.
АҚШ-пен, ЕО-мен және НАТО-мен, оның ішінде
Орталық Азия өңіріндегі
қауіпсіздікті нығайту
мақсатында сындарлы өзара
іс-қимыл
Жауапты орындаушылар - СІМ,
ИСМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК,
ККМ, ЭМРМ, БҒМ, МАМ, ТЖМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - желтоқсан, жыл сайын
76.
Қазақстанның қабылдаған
халықаралық міндеттемелеріне
сәйкес, ЕҚЫҰ-ға төрағалық
етуінің күн тәртібін және
стратегиялық бағдарын
әзірлеуіне, экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға,
басқару технологиялары мен
тәжірибесін тартуға,
қазақстандық сайлау, партия
және медиа заңнамасын
жетілдіруге ықпал ететін
"Еуропаға жол" атты арнайы
бағдарлама әзірлеу
Жауапты орындаушылар - СІМ,
ЭБЖМ, Қаржымині, МАМ,
Әділетмині, ИСМ, АШМ,
Қоршағанортамині, ККМ,
Қорғанысмині, ІІМ, ЖС, БП,
ОСК, МҚА, ҰҚК
Аяқтау нысаны - Президент
Жарлығының жобасы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы шілде
77.
Қазақстанның халықаралық
терроризмге және діни
экстремизмге қарсы күрес
жөніндегі халықаралық
коалицияның белсенді қатысушысы ретіндегі
ұстанымын нығайту
Жауапты орындаушылар - СІМ,
Қорғанысмині, ҰҚК, ІІМ
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - желтоқсан, жыл сайын
78.
Қазақстан Республикасы
қауіпсіздігінің қазіргі
әрекеттерге барабар ден қою
үшін шаралар қабылдауға
қабілетті Қарулы Күштердің
кәсіби, әскери және басқару
корпусын құру
Жауапты орындаушылар -
Қорғанысмині
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - 2008 жылғы сәуір
79.
Жаңа Әскери доктринаға сәйкес
Қарулы Күштердің жауынгерлік
дайындығы мен бәсекеге
қабілеттілігін арттыру
Жауапты орындаушылар -
Қорғанысмині
Аяқтау нысаны - Мемлекет
басшысына баяндама
Орындау мерзімі - 2008 жылғы сәуір
80.
Ғаламдық маңызы бар мынадай
ірі халықаралық іс-шаралар:
- 2009 жылы әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшылары-
ның үшінші съезін өткізу
Жауапты орындаушылар - СІМ,
МАМ, Әділетмині
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын, қараша
- 2010 жылы Азиядағы өзара
іс-қимыл және сенім шаралары
жөніндегі кеңесті өткізу
Жауапты орындаушы - СІМ,
ЭБЖМ, ҰҚК, ІІМ, ЭСЖҚА
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - жыл сайын, қараша
- 2009-2011 жылдар кезеңіне
ЕҚЫҰ-ның басшылық үштігіндегі
жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға
төрағалық ету
Жауапты орындаушы - СІМ,
МАМ, Әділетмині, ИСМ, АШМ,
ЭБЖМ, Қоршағанортамині, ККМ,
Қорғанысмині, ІІМ, ЖС, БП,
ОСК, МҚА, ҰҚК
Аяқтау нысаны - Үкімет қаулысы
Орындау мерзімі - 2008 жылғы сәуір
Аяқтау нысаны - Президент
Әкімшілігіне ақпарат
Орындау мерзімі - қараша,
жыл сайын
Ескертпелер :
1) жауапты орындаушы бағанында бірінші болып көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары тұтас алғанда Жоспардың тиісті тармағы бойынша жауап береді;
2) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзім (ай) аяқталғанға дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын енгізеді;
3) мемлекеттік органдар ақпаратты, есептерді (баяндамаларды) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзім (ай) аяқталғанға дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын енгізеді;
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігі
АҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғары Соты
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полиция)
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясы Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамы
"Қазына" АҚ - "Қазына" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
акционерлік қоғамы
"ҚазАгроИнновация" АҚ - "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы
"Қазатомөнеркәсіп"
ҰАҚ АҚ" - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы"
акционерлік қоғамы
"Қазақстан
Инжиниринг" АҚ - "Қазақстан Инжиниринг" акционерлік қоғамы
"Үкімет пен Ұлттық
Банк жанындағы
Ұлттық талдамалық
орталық" АҚ - "Үкімет пен Ұлттық Банк жанындағы Ұлттық
талдамалық орталық" акционерлік қоғамы
"Экономикалық
зерттеулер
институты" АҚ - "Экономикалық зерттеулер институты"
"акционерлік қоғамы институты"
"Халықаралық
бағдарламалар" АҚ - "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
акционерлік қоғамы орталығы" АҚ
Ескерту. Аббревиатуралардың жазылуына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1101 Қаулысымен.