Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында (бұдан әрі - Жоспар):
"Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер" деген 1-бөлімде:
он үшінші абзацтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру";
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
2-тармақтың атауындағы "Ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі - АӨК) кредит беру үшін орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдалану шарттарында депозиттерді ЕДБ-да орналастыратын болады.
Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер ЕДБ қаражатын орналастырған сәттен бастап 14 айға дейінгі мерзімде орналастырылатын болады.
Осы бағдарлама бойынша мынадай:
кең және жан-жақты таратылған филиалдық желілері;
АӨК субъектілеріне кредит беру саласында жұмыс тәжірибесі бар;
қаражатты іске асыру және орналастыру үшін жеткілікті персоналы болатын;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалдық нормативтерін, Қазақстандық қор биржасының талаптарын сақтайтын;
қаржылық жағдайы тұрақты банктермен жұмыс жүргізіледі.
ЕДБ арасында қаражатты орналастыру көлемі АӨК-нің басым субъектілері бойынша ашық кредиттік желілерінің болуына және әрбір банкке арналған лимитке байланысты әрбір банк үшін жеке айқындалатын болады.
Агент-банктер осы бағдарламаны іске асыру барысы туралы ай сайын "Қазына" ОДҚ" АҚ-ға есеп береді.
Қарыз алушы үшін түпкі ставка жылына 16%-дан аспауға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінетін қаражатты нысаналы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін "Қазына" ОДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында тиісті шарттар жасалатын болады. Осы операциялар барысында ЕДБ-ға түсетін қаражат АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылуы тиіс, бұл ретте ақ қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс және жеміс өнімдерін, ет, сүт өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға басымдылық берілетін болады.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ЕДБ-мен, салалық одақтармен, қауымдастықтармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, қаржыландыру үшін ұсынылатын АӨК субъектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады.
Тұтастай алғанда осы міндеттерді орындау елдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, ішкі қажеттіліктегі импорт үлесін азайтуға және азық-түлік нарығын импорттық экспансия тәуелділігінен арылтуға мүмкіндік береді.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында:
2-бөлімнің тақырыбындағы "ірі перспективалық инвестициялық жобаларды және" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөліммен толықтырылсын:
"
2-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
6-4
АӨК субъекті-
лерін қаржы-
ландыру жөнін-
дегі қаражатты
негізді орна-
ластыру шарт-
тарын жасасу
"Қазына
"ОДҚ" АҚ
мен ЕДБ
арасында
тиісті
шарттар
жасасу
"Қазына
"ОДҚ" АҚ,
ЕДБ
(келісім
бойынша)
2008
жылғы
сәуір -
мамыр
Талап
етілмейді
6-5
АӨК субъекті-
леріне ЕДБ-нің
кредит беруі
Кредит-
тік
шарттар
ЕДБ
(келісім
бойынша)
2008
жылғы
1 шілде-
ге дейін
"Қазына
"ОДҚ" АҚ-
ның келі-
сілген
депозит-
тері
шеңберін-
де
"Қа-
зына
"ОДҚ"
АҚ-
ның
қара-
жаты
6-6
ЕДБ-нің қара-
жатын пайдала-
ну мониторингі
"Қазына
"ОДҚ"
АҚ-на
есеп
ЕДБ
(келісім
бойынша)
Ай сайын
";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жоспарды іске асыру жөніндегі ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөліммен толықтырылсын:
"
1-1. Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету
6-1
Қаржыландыру
үшін ұсыныла-
тын АӨК
субъектілері-
нің тізбесін
қалыптастыру
АӨК
субъек-
тілері-
нің
тізбесі
АШМ, ЕДБ
(келісім
бойынша),
қауымдас-
тық,
одақтар
(келісім
бойынша)
2008
жылғы
сәуір
Талап
етілмейді
";
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов