Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны одан "Инженер-техникалық орталығы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

      1) компьютерлік және перифериялық техникаға, теледидар жүйелеріне, байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) тиімділігі жоғары ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу;

      3) баспа-полиграфиялық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына акцияларының мемлекеттік пакеті иелену, пайдалану және басқару құқығына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
      "21-102. "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-11-жолмен толықтырылсын:
      "238-11 "Инженер-техникалық орталығы" АҚ";

      4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.