Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      6) тармақшада "электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы" деген сөздер "жобалау, салу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
      "51) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      "3. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.