Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
"Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер" деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
"4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.";
жиырма екінші абзацтағы "кредит беруді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
"2-1) елдің азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету;";
жиырма сегізінші абзацтағы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген 2-бөлімде:
2-тармақта:
мәтіндегі "ШКДҚ" деген аббревиатура "ДАМУ" КДҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"жобаларын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
"ЕДБ-нің филиалдық желісі" деген сөздерден кейін "және өзге де қаржы ұйымдары" деген сөздермен толықтырылсын;
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ)" деген сөздер "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға (бұдан әрі - "ДАМУ" КДҚ)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"ЕДБ және өзге қаржы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) айқындайтын болады.";
жетінші абзацтағы "Агент-банктер" деген сөздер "ЕДБ және өзге қаржы ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтар алынып тасталсын;
он алтыншы абзацтағы "қамтамасыз етеді" деген сөздерден кейін ", бұл ретте оларға сауда-делдалдық қызметті қаржыландыру мүмкіндік берілетін болады" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын:
"ЕДБ мен қаржы ұйымдарын қорландыру мынадай шарттармен берілетін болады:
шағын және орта бизнес жобаларын жүз пайыз бірлесе қаржыландыру;
шағын және орта бизнестің түпкілікті қарыз алушылары үшін жылдық ставка жылдық 12,5 пайыздан аспауы тиіс;
ЕДБ мен қаржы ұйымдары үшін игеру мерзімі - ақша қаражатын алған күннен бастап 6 ай;
бұрын берілген кредитті қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс;
бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 300000 АЕК-ге дейін.";
он жетінші абзацта:
"мақұлдайтын шағын" деген сөздерден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
"тиісті талаптарға сәйкес келетін" деген сөздер "олардың басым салаларға сәйкестігі мәніне" деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацта:
"ЕБД-ның филиалдық желісі" деген сөздер "тізбеде көрсетілген ЕБД-ның филиалдық желісі және қаржы ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"ДАМУ" КДҚ жергілікті атқарушы органдармен бірге шағын және орта бизнес жобаларын өзіндік бірлесіп қаржыландыру бағдарламаларын ашуы мүмкін.";
жиырмасыншы абзацтағы "ынтымақтастық туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
жиырма бірінші абзацта:
"шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
"басталған және" деген сөздер алынып тасталсын;
"әкімдіктерге" деген сөзден кейін "ЕДБ мен қаржы ұйымдарының есептері негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ДАМУ" КДҚ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың өңірлік салалық бағдарламалары бойынша жергілікті атқарушы органдар беретін қаражат есебінен қарыз алушыларға тікелей кредит беруді жүзеге асыруы мүмкін.";
2-1 тармақта мындай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Агроөнөркәсіптік кешендегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және оларды нығайтуға жағдай жасау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар іске асырылатын болады.
Осы мақсатта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жарғылық капиталын ұлғайту жолымен қаржы ресурстары бөлінетін болады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
мәтіндегі "ШКДҚ" АҚ" деген аббревиатуралар "ДАМУ" КДҚ" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-7, 6-8, 6-9, 6-10, 20-2-жолдармен толықтырылсын:
6-7
"Қазына" ОДҚ" АҚ-ның қаражатын бір қарыз алушыға 300000 АЕК дейінгі лимитпен және салалық белгісі бойынша шектеулердің болмауымен қарыз алушылар үшін жылдық 12,5 %-дан аспайтын түпкілікті ставканы шектеу талаптарында ЕДБ-мен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына екінші деңгейдегі банктерге орналастыру. Бұл ретте ЕДБ тарапынан қаражат бөлу ұқсас талаптарда "Қазына" ОДҚ" АҚ қаражатына 1:1 арақатынасында болуы тиіс
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
есеп
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойын-
ша),
ЭБЖМ,
әкімдік-
тер
2008
жылғы
тамыз
"Қазына"
ОДҚ"
АҚ-да бар
қаражат
шеңберін-
де
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
қаражаты
6-8
Шағын және орта бизнес субъектілерін қарыз алушылар үшін жылдық 14%-дан аспайтын түпкілікті ставкамен өңірлік басымдықтарға сәйкес 2008 жылғы шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландыру
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тінің
қаулысы
ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойын-
ша),
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
әкімдік-
тер
2008
жылғы
шілде
28 млрд.
теңге
Респуб-
ликалық
бюджет
6-9
"ДАМУ" КДҚ-ның қарыз алушы үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын түпкілікті ставкамен өңдеуші өнеркәсіптегі, көліктегі, байланыстағы және қызметтердің жекелеген салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің рентабельді жобаларына кредит беру
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тіне
есеп
ИСМ,
"Қазына"
ОДҚ" АҚ
(келісім
бойын-
ша),
әкімдік-
тер
2008
жылғы
тамыз -
жел-
тоқсан
"ДАМУ"
КДҚ"
АҚ-да бар
қаражат
шеңберін-
де
"ДАМУ"
КДҚ" АҚ
қаражаты
6-
10
"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ-ны капиталдандыру
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тінің
қаулысы
ИСМ,
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
АШМ
2008
жылғы
тамыз -
жел-
тоқсан
4,0 млрд.
теңге
Респуб-
ликалық
бюджет
20-
2
Республикалық бюджеттің дамуға арналған нысаналы трансферттері есебінен Алматы қаласындағы уәкілетті ұйымды капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау
Қазақ-
стан
Респуб-
ликасы-
ның
Үкіме-
тінің
қаулысы
ИСМ,
ЭБЖМ,
Әділет-
мині,
Қаржы-
мині,
Алматы
қаласы-
ның
әкімі
2008
жылғы
тамыз -
жел-
тоқсан
10,0
млрд.
теңге
Респуб-
ликалық
бюджет
";
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ДАМУ" КДҚ" АҚ - "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ - "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында:
мәтіндегі "ШКДҚ" АҚ" деген аббревиатуралар "ДАМУ" КДҚ" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ШКДҚ" АҚ - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ДАМУ" КДҚ" АҚ - "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов