Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 46-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:
1) реттік нөмірлер 30, 43 және 54-жолдар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-2 және 67-1-жолдармен толықтырылсын:
"42-2
Қазақстан Республи-
касының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкер-
ліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру-
лар енгізу туралы
Қаржымині
Мамыр
Маусым
Қараша
Р.Е. Дәленов
";
"67-1
Қазақстан Республи-
касының Кеден кодексіне Қазақстан Республи-
касының Дүниежү-
зілік сауда ұйымына кіруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаржымині
Тамыз
Қараша
Желтоқсан
Р.Е. Дәленов
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов