Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 5 желтоқсандағы
N 1139 қаулысымен
бекітілген
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-112-жолмен толықтырылсын:
"21-112 "ҚазАвиаЛизинг" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-22-жолмен толықтырылсын:
"160-22 "ҚазАвиаЛизинг" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 937 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 38, 435-құжат):
3-тармақта:
"акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакеттерін" деген сөздер "акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және "ҚазАвиаЛизинг" деген сөздер алынып тасталсын.