"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және су мен дала экологиялық жүйелерінің табиғи дамуын сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан жалпы алаңы 20780 гектар жер учаскелері алынсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жалпы алаңы 263428 гектар босалқы жерлер Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгілеген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын.
3. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1183 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қорғалжын
мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты
жер пайдалануға берілетін Ақмола облысы Қорғалжын ауданы мен
Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы жер учаскелерінің
экспликациясы
"Сау-
мал-
көль-
Агро"
ЖШС
15673
15673
10874
10874
4799
"Агро-
Стиль"
ЖШС
273
273
273
273
"Ораз
ауылы"
А/Ш
4834
4834
1975
1975
2859
Қызыл-
сай а/о
1303
1303
716
55
771
532
Жиыны:
22083 20780 273 12849 13122 7658 1303 716 55 771 532 Қарағанды облысының Нұра ауданыN 1
учаске
256778
256778
237692
237692
19086
N 2
учаске
5347
5347
3904
3904
1443
Жиыны:
262125Барлық
жерлер
: