Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 832 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі N 687 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 32, 338-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде 26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес оларға оқ-дәрілерді кәдеге жарату өнімдерін сату бойынша қызмет көрсету шартымен заңды тұлғалар жүргізетін оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды қоспағанда, пайдаланылмайтын әскери мүлікті кәдеге жаратуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын заңды тұлғалар немесе уәкілетті органның, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бөлімшелері жүргізеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.