Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      мынадай мазмұндағы тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші, бір жүз екінші, бір жүз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын, әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
      халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;";
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.