Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Газбен өзара алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәмілелердің бағасын белгілеу туралы

      2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге және "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 61 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығын 2009 - 2011 жылдары ортаазиялық және ресейлік газды тең мөлшерде қарсы жеткізу жолымен газбен қамтамасыз ету үшін "ҚазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Газпром" ашық акционерлік қоғамымен және/немесе оның уәкілетті ұйымымен жасасатын мәмілелер бойынша Қарашығанақ кен орны өңделген газының бағасы 1000 текше метр газ үшін 85 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 116 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.31 № 61 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 61 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов