Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.21 N 1224 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу мен сараптама жүргізуді, мастер-жоспарларды қаржыландыру, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, мастер-жоспарлардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және оның сараптамасы, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.21 N 1224 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 сәуірдегі
N 565 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.08.21. N 1224, өзгерту енгізілді - 2009.12.04 N 2009 Қаулыларымен.
Р/с
N
Жобаның атауы
Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)
Концесиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді және оларға мемлекеттік сараптама жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)
Мастер-жоспарларды қаржыландыру көлемі (мың теңге)
1
2
3
4
5
6
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
1
Қазақстан Республикасында Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет (БКДҚ) құру
22 000
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
2
Республикалық ұлан бригадасының әскери қалашығын салу
37 700
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
3
"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас" автомобиль жолының "Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысының шекарасы" учаскесін қайта жаңарту
30 000
4
Зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ) енгізу және Көкшетау қаласы арқылы Астана - Петропавл автомобиль жолының "Астана - Щучинск" учаскесін пайдалану
56 999
5
"Алматы - Өскемен" автомобиль жолының "Алматы - Қапшағай" учаскесін салу (қайта жаңарту) және пайдалану
29 279
6
"Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы Алматы" автомобиль жолының "Астана - Қарағанды" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану
110 516
7
"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану
7 000
8
"Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Қырғыз Республикасының шекарасына кіреберістерімен Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы Шымкент -Т араз - Қорғас" автомобиль жолының "Алматы - Қорғас" учаскесін қайта жаңарту және пайдалану
70 167
9
Көлік инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу
210 000
9-1
Шүлбі шлюзінің қорғау гидротехникалық құрылысын салу
10 740
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
10
Өнеркәсіп және машина жасау салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу
469 112
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
11
Туристік индустрияның неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу
22 598
11-1
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында "Қасқасу" туристік-рекреациялық кешені" инженерлік-коммуникациялық желілерін салу
10 691
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
12
Агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспарлар әзірлеу
201 526
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
13
Телекоммуникация инфрақұрылымы салаларын дамытудың неғұрлым перспективалы бағыттары бойынша салалық мастер-жоспар әзірлеу
58 600
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
14
Республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысының кадастрын құру
4 230
Жиыны:
85 361
86 999
216 962
961 836