Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.29 № 2243 Қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы N 361 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған жоспарда:
реттік нөмірлері 6, 7, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 15-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139-жолдармен толықтырылсын:
"
131
Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ИСМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
132
Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
133
Шахталық көтергіш қондырғыларға қойылатын қауіпсіздік талаптары
ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ, ИСМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
134
Жарылғыш материалдарды өндіру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ, ИСМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
135
Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау),
Қоршағанортамині
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
136
Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын ашық тәсілмен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау),
Қоршағанортамині
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
137
Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ИСМ, ККМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
138
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ИСМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
139
Лифттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
ТЖМ (жинақтау), ИСМ
2009 жылғы қыркүйек
2009 жылғы қазан
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов