Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 858 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңы 2-бабының 4-тармағына және "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңы 3-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 16 шілдедегі
N 1083 қаулысымен    
бекітілген     

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан
астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Ұлттық
әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан
Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы
қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық
компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с
N

Ұйымның атауы

1

"Қазақстан инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

2

"Каzynа Саріtаl Маnаgеmеnt" акционерлік қоғамы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.