Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.20 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 16, 135-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінде:
      4-тармақтың алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "ТҚі - і-тауардың құны;
      Қі - "СТ-КZ" сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
      Қі = 0, "СТ-КZ" сертификаты болмаған жағдайда;";
      5-тармақта:
      алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "ТҚі - і-тауардың құны;
      Қі - "СТ-КZ" сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
      Қі = 0, "СТ-КZ" сертификаты болмаған жағдайда;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ЖҚj - j-шарты шеңберінде мердігер немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;";
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жалпы қызметкерлер санында қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;";
      он бесінші, он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есепті кезеңде Тапсырыс берушінің сатып алуындағы қазақстандық қамтуды (ҚҚ) есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.