Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ "орналастыру" деген сөзден кейін "және қайта бөлу" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптарында:
"Пайдаланылатын анықтамалар" деген 1-бөлімде:
"Игеру кезеңі" деген жолдағы "Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік айды білдіреді;" деген сөздер "Салым Жинақ шотқа есептелген күннен бастап 2009 жылғы 15 қазанды қоса алғанға дейінгі кезеңді білдіреді;" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қорытынды ережелер" деген 16-бөлімде:
", мұндай өзгерістер Тараптар тиісті өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойған күннен бастап күшіне енеді" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 қазандағы
N 1551 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 179 қаулысымен
бекітілген
Р/с
N
Ұйымның атауы
Қаражатты бастапқы бөлу (млрд. теңге)
2009 жылғы 1 шілдеден бастап салымның игерілмеген бөлігін қайтарып алу сомасы (млрд теңге)
Қаражатты жаңадан қайта бөлу (млрд. теңге)
1.
"Қазкоммерцбанк" АҚ
24
24
2.
"БТА Банкі" АҚ
40
3
37
3.
"Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ
24
3,5
20,5
4.
"Альянс Банк" АҚ
14
3,1
10,9
5.
"Темірбанк" АҚ
3
6
6.
"ЦентрКредитБанк" АҚ
3
4,3
7.
"Kaspi Bank" АҚ
3
4
8.
"Еуразиялық Банк" АҚ
3
4
9.
"АТФ Банкі" АҚ
3
4,3
10.
"ЦеснаБанк" АҚ
3
4
11.
"Нұрбанк" АҚ
1
Жиыны
120
9,6
120