Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

      «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов