Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:

      5-тармақтың 41) тармақшасында "34" деген цифрлар "32" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      55-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ораманың (ыдыстың) зат белгілерінде "сүт" деген сөздің алдында сүт алынған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі көрсетіледі (сиыр сүтін қоспағанда). Егер сүт өнімі қойылтылған не қоюлатылған сүттен не құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен өндірілген жағдайда ораманың беткі жағында тиісінше: "қойылтылған сүттен қалпына келтірілген", "коюлатылған сүттен қалпына келтірілген", "құрғақ табиғи сүттен қалпына келтірілген" және "құрғақ майсыздандырылған сүттен қалпына келтірілген" деген сөздер көрсетіледі. Бұл ретте өнімнің атауы және көрсетілген жазулар бір өлшемдегі қаріппен орындалуы тиіс.";

      12-бөлім алынып тасталсын;

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын ҚР СЭҚ ТН 0402, 0405 және 0406 тауарлық позицияларына кіретін сүт және сүт өнімдері "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына сәйкес осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады.";

      60, 61 және 62-тармақтар алынып тасталсын;

      14-бөлім алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.