Нормативтік қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 15-тармақта:

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот ақтау үкімін шығарған кезде немесе істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде ҚІЖК-нің 40-бабында, 371-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың талаптары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың және соттаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөнінде шешім қабылдайды.";

      екінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сот актісінің күші жойылғаннан кейін қойылған талапты заңсыз актіні шығарған соттың судьясы сот отырысына мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, жеке-дара қарайды.";

      2) 17-тармақта:

      екінші сөйлем "қаулысына" деген сөзден кейін "апелляциялық," деген сөзбен толықтырылсын, "жоғары тұрған сотқа" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші сөйлемдегі "немесе" деген сөз "немесе/және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

М. Әлімбеков

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.