Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат):
кіріспедегі "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" деген сөздер "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесінде:
1-тармақта "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" деген сөздер "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы 2010 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов