Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.08 № 1496 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сатып алу бағасы:
1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Тriticum аеstіvum L.) бір тоннасына 33100 (отыз үш мың бір жүз) теңге мөлшерінде;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 4-сыныпты жұмсақ бидайдың (Тriticum аеstіvum L.) бір тоннасына 27200 (жиырма жеті мың екі жүз) теңге мөлшерінде;
ГОСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1118 қаулысына
қосымша
1 тоннаға теңге
Дақылдың атауы
I репродукция
II репродукция
III репродукция
1-сынып
2-сынып
1-сынып
2-сынып
1-сынып
2-сынып
Бидай
50 200
47 700
44 900
42 600
40 300
38 500
Арпа
40 400
36 700
34 200
31 100
29 900
27 300