Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 133 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ереженің 37-тармағына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов