Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы

      Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің штат санының лимиті есебінен «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесінде саны тұрақты құрамның 16 бірлігі жене ауыспалы құрамның (тыңдаушылар) 30 бірлігі болатын Ішкі әскерлердің жедел өнері мен тактикасы кафедрасы бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер факультетін (бұдан әрі - факультет) құрсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      «105734» деген сандар «105688» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «43088» деген сандар «43042» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: олардың ішінде Ішкі әскерлер Әскери институтының курсанттары» деген жолдағы «23147» деген сандар «23111» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ішкі әскерлердің Әскери институты» деген жолдағы «502» деген сандар «492» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.