Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.10 N 1041 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесінде:
      4-тармақтың жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:
      7-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.