Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдың қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырыпта және 1-тармақта «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесінде:
      тақырыпта және 1-тармақта «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «30-1-бабының 3-тармағына» деген сөздер «22-2-бабының 4) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында «8,0» деген сандар «24,0» деген сандармен ауыстырылсын;
      Спортшыларға және жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесіне қосымшада жоғары оң жақ бұрышындағы «Спортшыларға және жаттықтырушыларға» деген сөздер «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі.                      К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.