Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

      «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығын орындау және атыс спорты түрлерінен ұлттық құрама командаларға спорт резервін сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
      2) спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-8-жолмен толықтырылсын:
      «15-8. «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов