Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген каулымен бекітілген 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 26-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және шығару»;
      3-бағандағы «ғылыми-әдістемелік журнал» деген сөздер «мерзімді баспа басылымы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.