Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) «Фаворит» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Dicoldi Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 650677440 (алты жүз елу миллион алты жүз жетпіс жеті мың төрт жүз қырық) теңгеден аспайды;
      27) «Запад» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Эра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 353710080 (үш жүз елу үш миллион жеті жүз он мың сексен) теңгеден аспайды;
      28) «Әйгерім» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Астана Гюнель Арман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 928065600 (тоғыз жүз жиырма сегіз миллион алпыс бес мың алты жүз) теңгеден аспайды;
      29) «Ақ Шаңырақ» тұрғын үй кешені» объектісі, құрылыс салушы - «Прайс Астана Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 96000 (тоқсан алты мың) теңге есебінен 1873645440 (бір миллиард сегіз жүз жетпіс үш миллион алты жүз қырық бес мың төрт жүз қырық) теңгеден аспайды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.