Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан,Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 170-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу және/немесе тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан тұқым шаруашылықтары субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.