Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 239-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар мен сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге 2013 жылға 31 желтоқсанға дейін;
      2) Жамбыл облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ. Күрішбаевқа жүктелсін.».
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.