Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.08 № 1418 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы жарғысының 57-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «32-1) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сату ережесін бекіту;».
      2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.