Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 жыл, № 56, 181-құжат) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Лицензиар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда лицензиар өтініш берушіге көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан жазбаша, дәлелді түрде бас тартады. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде құжаттар осы Ереже талаптарына сәйкес қаралады.»;
      8-тармақтың 5) тармақшасындағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақта:
      4) тармақшада:
      үшінші және жетінші абзацтар алынып тасталсын;
      төртінші абзац «қаржылық» деген сөздің алдынан «тауар биржалары саласында және/немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      1) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ұйымның бірінші басшысында:»;
      үшінші, төртінші және жетінші абзацтар алынып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):»;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.