Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «деп белгіленсін.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;
      4) «Үкіметтің мобильдік офисі» қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне «Үкіметтің мобильдік офисінің» қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі деп белгіленсін.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде «Үкіметтің мобильдік офисіне» беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін.»;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           K. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.