Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2003 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және оның уылдырығын сатып алуға төлемақы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 593 қаулысымен
бекітілген
Р/с №
Бекіре тұқымдас балықтардың түрлері
1 кг үшін айлық есептік көрсеткіштегі (АЕК) төлем
уылдырықсыз
уылдырықпен
1
Қортпа
0,9
13
2
Бекіре
0,8
12
3
Шоқыр
0,7
10